Русалочка - Казахский тизер (дублированный)

1 659
12
Меломан708 тыс
Опубликовано 19 сентября 2022, 13:29
Хочешь узнавать первым о новых трейлерах и премьерах?
Жми сюда! ↓ ↓ ↓
goo.gl/udtRES
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
«Су перісі» фильмінің қазақ тіліне дыбысталған бірінші тизері

«Оскар» жүлдесін алған классикалық анимациялық мюзиклдің жаңа нұсқасын қабыл алыңыздар. «Су перісі» фильмінің режиссері —«Оскар» жүлдесіне үміткер болған Роб Маршалл («Чикаго», «Мэри Поппинстің оралуы»).
«Су перісі» фильмі кинотеатрларда 2023 жылдың мамырында көрсетіледі.

«Су перісі» — әдемі, қайсар, шытырман оқиғаларға әуес жас пері Ариэль жайлы баршаның сүйікті хикаясы. Тритон патшаның кенже қызы Ариэль теңізден тыс өмірдің қыр-сырын білуге асық, сөйтіп, құрлыққа шыққан кезде Эрик ханзадаға ғашық болады. Су перілеріне адамдармен тілдесуге тыйым салынған, алайда Ариэль жүрек қалауына құлақ түрді. Ол зұлым теңіз мыстаны Урсуламен мәміле жасасады. Бұл келісім бір жағынан оған құрлықтағы өмірдің рахатын көруге мүмкіндік берсе де, екінші жағынан өміріне қауіп төндіріп, әкесін билігінен айыруы мүмкін.

Фильмде әнші әрі актриса Холли Бейли Ариэль рөлін сомдайды; Tony Award® марапатының иегері Дэйвид Диггс («Гамильтон», «Қарлы құйын») Себастьян рөлін сомдайды; Джейкоб Трамбле («Лука», «Бөлме») Камбала рөлінде; Аквафина («Райя және соңғы айдаһар») Скаттл дауысы; Джона Хауэр-Кинг («Үйге оралу») Эрик ханзада рөлінде; Арт Малик («Отан») сэр Гримсби рөлінде; Нома Думезвени («Мэри Поппинстің оралуы») Селина патшайым рөлінде; «Оскар» жүлдесінің иегері Хавьер Бардем («Қарттарға арналған ел жоқ», «Рикардо болу») Тритон патшаның рөлінде; «Оскар» жүлдесіне екі мәрте үміткер Мелисса Маккарти («Бір күні мені кешіре аласың ба?», «Қалыңдық құрбысы») Урсула рөлін сомдайды.

«Су перісі» фильмінің режиссері «Оскар®» жүлдесіне үміткер Роб Маршалл («Чикаго», «Мэри Поппинстің оралуы»), ал сценариін — «Оскар» жүлдесіне екі мәрте үміткер болған Дэвид Мэги жазды («Пи өмірі», «Неверлендті іздеу»).

Фильмнің продюссерлері «Эмми» марапатының екі мәрте иегері Марк Платт («Иса Мәсіх – тікелей эфирдегі супержұлдыз», «Бриолин тікелей эфирде!»), Tony Award® марапатының үш мәрте жеңімпазы Лин-Мануэль Миранда («Гамильтон», «Биіктікте»), Роб Маршалл мен Джон ДеЛюка, Джеффри Сильвер («Арыстан патша») атқарушы продюсерлер болып табылады.
жизньигрыфильмывесельеавтотехномузыкаспортедаденьгистройкаохотаогородзнанияздоровьекреативдетское